Алматы облысының таулы аймағында 25 бала жоғалып кеткен, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Ведомство мәліметінше, Талғар ауданында «Тау самалы» таулы аймағында адамдар жоғалып кеткен. Құтқарушылар сауықтыру лагерінен 300 метр қашықтықта жолдан адасқан 1 ересек адам мен 8-15 жас аралығындағы 25 баланы іздеп, тапты.
Қабылданған шаралармен Республикалық жедел-құтқару жасағы адасқандарды тауып, қауіпсіз жерге жеткізді.
Демалуышылар медициналық көмек мұқтаж емес.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!