Дүйсенбі, 04 тамыз, 12:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№57,2170
02.08.2025
PDF мұрағаты

Алматыда балалар үйіндегі екі қыз із-түзсіз жоғалып кетті: полиция іс қозғады

04.08.2025

32 0

Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz

Алматыда №1 балалар үйінен екі қыз қашып кеткен. Алматы полициясы бұл дерекке қатысты түсініктеме беріп, іздестіру ісі қозғалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Lider.kz еріктілері Instagram-дағы парақшасында екі қыздың фотосы мен олар туралы мәлімет жариялады.

Еріктілер таратқан дерекке сәйкес, 2009 жылы туған Белгородская Кристина Сергеевна мен 2010 жылы туған Черепанова Маргарита Даниловна 18 шілде күні таңертең Бостандық ауданы Сырғабекова көшесі, 22-үй мекенжайында орналасқан балалар үйінен қашып кеткен.

Белгородская: бойы – 155-157 сантиметр, дене бітімі орташа келген, ұзын ақшыл сары шашты, қоңыр көзді. Қара футболка мен қара шалбар киген.

Черепанова: бойы – 165 сантиметр, дене бітімі орташа келген, ұзын қара шашты, қоңыр көзді. Қара футболка мен ашық көк джинсы киген.

Алматы полиция департаменті қыздар іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

«Бұған дейін де кәмелетке толмағандар мекемеден қайта-қайта шығып кетіп, әр жолы полиция қызметкерлері анықтап, қайтарып отырған. Қазір олардың орналасқан жерін анықтауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр», – делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ полиция осыған ұқсас жағдайлар бойынша мекеме басшылығымен алдын алу және түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін, соның ішінде оқушыларға бақылауды күшейту қажет екені түсіндірілгенін хабарлады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: