Алматыда Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының екінші қабаты өртенді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне 14:04 Алатау ауданы, Нұрпейісова 2а мекенжай бойынша өрт шыққан түтін туралы хабарлама түсті.
«Өрт сөндіру бригадасы жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жұмылдырылды, құтқарушылар оқиға орнына 5 минутта жетті. Олар келген кезде үш қабатты әкімішілік ғимараттың екінші қабатының 45 шаршы метр жері өртеніп кетті»,-деді ведомстводан.
Өртті сөндіруге 14 бірлік техника мен 47 адам жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!