Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«ҚР ТЖМ «СТӘЭ» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісінде 2023 жылғы 12 ақпанда Алматы уақыты бойынша 8 сағат 10 минут 58 секундта (2023 жылдың 12 ақпаны, Гринвич бойынша 02 сағат 10 минут 58 секундта) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 303 шақырым жерде орналасқан», – делінген «Алматы» ҚҰҰ кезекші операторы хабарламасында.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.4.
MPV магнитудасы 3,8.
Эпицентр координаттары 43,35° с.б 80,65° ш.е
Тереңдігі 15 шақырым.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!