Алматыда көпқабатты үйдің үшінші қабатынан секіріп кеткен сарбаздың жағдайы туралы жаңа мәлімет айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
2007 жылы туған сарбаз қазір қалалық көпсалалы жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында ем қабылдап жатыр.
Науқас бейінді бөлімшеге жатқызылды. Жағдайы — орташа ауыр. Оған аурухана психологы кеңес беріп, психоэмоциялық қолдау толығымен көрсетіліп жатыр. Негізгі ауруы бойынша ем ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасына сай жүргізіліп жатыр, – деді Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.
Айта кетейік, 2025 жылғы 4 қазанда Алматыдағы 5571 әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі сарбаз үшінші қабаттан секіріп кеткен еді. Ол Алматы шұғыл медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.
Қазір қызметтік тексеріс тағайындалып, мән-жай анықталып жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!