Алматыда жасөспірімнің қалтасындағы пауэрбанк жарылып, оның денесі күйіп қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға 15 шілде күні Алматы қаласында болған. 16 жастағы жасөспірімнің қалтасындағы қуаттағыш тұтанып, жарылып кеткен. Соның салдарынан жасөспірім ауыр күйік алып, ауруханаға жеткізілген.
Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы директорының орынбасары Құрметбек Тоқтардың мәліметінше, жасөспірім күйікпен медициналық мекемеге жеткізілген.
Оның қалтасындағы сымсыз зарядтау құрылғысы жарылып кеткен – бала күйік алды. Жедел жәрдем тобы оны қабылдау бөліміне жеткізді, онда дәрігерлер тексеріп, термиялық күйік, дененің 20 пайызы зақымданған деген диагноз қойды, – деді ол.
Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Ол бейінді бөлімшеде ем қабылдап жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!