Сианнан Алматыға алғашқы туристік пойыз 1 шілдеде келеді, – деп хабарлайды Massaget.kz.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Сиань қаласы мэриясының (ҚХР) басшылығы ҚХР-дан Алматыға алғашқы туристік пойызды іске қосу бойынша келіссөздер жүргізді.
Тараптар 2024 жылғы 26 маусымда Сиань қаласынан құрамды іске қосуға және оның 1 шілдеде Алматыға келуін ұйымдастыруға келісті.
«Құрамында 246 жолаушы жеткізетін 9 вагон болады деп жоспарланып отыр. Пойыз Қорғас-Алтынкөл шекара өткелі арқылы өтеді», – деп жазылған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарламасында.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!