Сейсенбі, 26 қараша, 12:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Алматылық ер адам автобуста телефонмен сөйлескен әйелді ұрған

26.11.2024

48 0

Алматыда ер адам қоғамдық көлікте телефонмен қатты сөйлеген әйелді ұрып жіберді. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлердің сөзінше, келеңсіз жайт (Төле би мен Тұрғұт Өзал көшелерінің қиылысында) №126 автобуста болған, – деп хабарлайды Arbat.media.

«Жанжалға жолаушылардың бірінің телефон арқылы қатты сөйлесуі түрткі болған. Ер адам оған ескерту жасады, содан кейін оның өз сөзін елемегеніне ашуы келіп, әйелді автобустан шығарып жібермек болады. Ол қарсылық көрсетіп, оны итеріп жіберді. Сол кезде ер адам оған жұдырық жұмсады», – делінген жазбада.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған жағдай бойынша тексеру жүмыстары басталды.

«Алмалы ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Кінәліге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес шаралар қабылданатын болады. Жағдай анықталады», – деп атап өтті ведомстводан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: