Дүйсенбі, 25 қараша, 20:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Алтай Көлгінов биыл жәрдемақылар қалай, қаншаға өсетінін айтты

19.04.2023

532 0

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде биыл жәрдемақылар қалай, қаншаға өсетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл басынан бері мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған 900 мыңға жуық адам алатын әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 8,5% өсті. Ал бірінші шілдеден бастап сіздің тапсырмаңыз бойынша бұл төлемдер тағы 14,5% өседі. Сонда биыл жылдық өсім 23% болады», – деді Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 1 млн 200 мың адамның айлығы 30% өскен.

«Бірінші қыркүйектен бастап 380 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 20% , колледждерде 50% артады. Мемлекеттік қолдаудың әлеуметтік шаралары 4 400 мың қазақстандыққа әсер етті. Сіздің бастамаңыз бойынша депозиттерге 10 пайыз өтемақы төлеу шарасының аясында наурыз айында 2 млн 600 мың салымшыға 307 млрд теңге төленді», – деді үкімет басышсының орынбасары.

Айта кетейік, Үкімет үйінде Президент төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтіп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: