Алты жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Оқиға бүгін Ақмола облысының Қосшы қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында болған.
Түрлі жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ ескертеді:
- Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
- Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!