Сейсенбі, 24 желтоқсан, 21:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

AMANAT елімізді өркендетуге өз үлесін қоса береді – Президент

26.04.2022

953 0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының ел өркендеуіне үлес қоса беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы бүгінгі өзгерістер AMANAT-тың заман талабына сай жаңара түсуіне жол ашады. Партия елімізді өркендетуге өз үлесін қоса беретіні сөзсіз. Мен сіздерге сенемін», – деді Президент партияның XXIII Съезінде.

Сондай-ақ, ол партия төрғасаы ретінде қызмет текен кезеңде өзімен иық тірестіріп жұмыс істеген партия өкілдеріне ризашылығын білдірді.

«Құрметті AMANAT партиясының мүшелері, сіздерге тағы да отанымыздың игілігі жолындағы қолдауыңыз бен бірлескен жұмыстарыңыз үшін алғыс айтамын. Шынымен де, біз бірге өте жақсы жұмыс істедік. Бір-бірімізді түсіне алдық. Сондықтан, менде болашақта да бірге жұмыс істейтінімізіге күмәнім жоқ. Мен баршаңызға сенемін. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық», – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен AMANAT партиясының XXIII съезі өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: