Жуырда «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Бегалықызы Төрешова, партияның қалалық филиалының Төрағасы Ибадулла Дүйсенбайұлы Құттықожаев және партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Исақызы Мұсаеваның қатысуымен «AMANAT» партиясының Қызылорда қалалық филиалында кезекті ХХХІІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Жиынға қалалық партия филиалының Саяси кеңесі мен Саяси кеңес Бюросы мүшелері, «Теміржол», «Тұран» және қалалық партия филиалдары бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен белсенділері, қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракция жетекшісі мен мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жастар өкілдері және бастауыш партия ұйымынан сайланған делегаттар қатысты.
Конференцияда партияның қалалық филиалының 2021-2022 жылдары атқарылған жұмыстар барысы турасында партия филиалының Төрағасы Ибадулла Құттықожаев баяндама жасады. Жиын барасында партияның қалалық филиалының депутаттық фракциясының, қоғамдық қабылдау бөлмесі және де Партиялық бақылау комиссиясының атқарған жұмыстары баяндалды.
Сонымен қатар, «Ардагерлерді ардақтайық», «Ұлттық мұра», «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Жастар отанға», «TazaLike», «Халыққа көмек» партиялық жобалары аясында партияның қалалық филиалы мен бастауыш партия ұйымдарының бірлесе өткізген жұмыстар легі тарқатылды.
Басқосуда партияның қалалық филиалының Саяси кеңесі мен Саяси кеңес Бюросының жаңа мүшелері мақұлданып, партияның облыстық филиалының кезекті ХХХІІ конференциясына делегаттар сайланды.
Кезекті конференция барысында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова:
– Бүгін біз партия филиалының 2021-2022 жылдары атқарған жұмыстарын тыңдап, алдағы міндеттерді талқыладық. Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда Президент реформаларын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп, еліміз өзгерістер жолына түсті. «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде реформалардың басты мақсаты – азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға жүйелі жұмыстар жүргізуде. Партиямыз өз жұмысында көптеген мәселелердің түйінін тарқатып келеді. Бұл біздің бірлесе атқарған жұмыстарымыздың нәтижесі. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін, алғысымды білдіре отырып, алдағы уақытта да жұмыла жұмыс жасауға шақырамын,-деді.
Өткен жылдары атқарылған жұмыстардың баяндаған партияның қалалық филиалының Төрағасы И.Құттықожаев: Ел болашағын айқындайтын ауқымды саяси реформалар партияның әрбір мүшесінен белсенділікті талап етеді. Алдағы міндеттерді орындауда біз өзіміздің бірлігімізді, халықтық мәселелерді шешуде мықтылығымызды көрсетуіміз қажет.
Партия жұмысының негізгі қозғаушы күші бастауыш партия ұйымдары болып табылады. Қаладағы 37 бастауыш ұйымдар қызметіне толық талдау жүргізіліп, 2022 жылы 3, ал 2023 жылы 9 бастауыш партия ұйымы жетекшілері қайта сайланды. Қазіргі саяси сахнада бәсекелестіктің артып отырғанын ескерсек, партияның белсенді мүшелерін топтастырып, бастауыш партия ұйымдары жұмысын жетілдірудің маңызы арта түседі.Мұнан бөлек біз, партия мүшелерінің сапалық құрамына да баса назар аударып, олардың қатарында түрлі сала өкілдері мен жастардың болуына, жалпы бастауыш ұйымдарды күшейтуге ерекше ден қоюымыз қажет,-деді.
Жиында партия филиалының атқарған жұмыстары мен қоса алдағы мақсат-міндеті айқындалып, партия белсенділерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, партия қатарына қосылған мүшелерге партиялық билет табысталды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!