Бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жүйелендіру мақсатында олардың төрағалары және ұйым мүшелерімен бірлесе партиялық жобалар, көшпелі қоғамдық қабылдау жұмыстары ұйымдастырылуда. Осы ретте, олардың өткен жылы атқарған жұмыстарының есебін тыңдап, ағымдағы жылға нақты тапсырмалар беріп, бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыру – басты талап.
Соның негізінде, «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Төрағасы Ибадулла Дүйсебайұлы Құттықожаев пен атқарушы хатшы Гүлшат Исақызы Мұсаева «Ана мен бала», «Ақсуат», «Орталық», «Бірлік», «Ақмешіт» бастауыш партия ұйымдарының өткен жылы атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.
Айта кетерлігі, партияның қалалық филиалы тарапынан партиялық жобалар аясында партия мүшелерінің белсенділігін, қоғамдық жұмысқа қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі деңгейдегі бірлескен іс шаралар легі жалғасын табуда.
Жиында партияның қалалық филиалының Төрағасы Ибадулла Дүйсенбайұлы: Әр партия мүшесі партияның бастамаларына белсенділік танытып отыруы қажет. Сонымен қатар, еңбегі сіңген азаматтарды дәріптеп, оларға партия атынан жоғарғы марапаттар беруге, қолдауға әрқашан дайынбыз.
Алдағы уақытта бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жетілдіріп, әрбір партия мүшесімен жеке жұмыс жасап, партиялық жобалардың аясын кеңейту қажет,-деді.
Айта кетейік, бүгінде партияның қалалық филиалына қарасты 40 бастауыш партия ұйымдары жұмыс жасауда.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!