Дүйсенбі, 02 наурыз, 12:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2228)
28.02.2026
PDF мұрағаты

«Ана мен бала» орталығы ұжымына Ата Заң жобасындағы өзгерістер талқыланды

02.03.2026

59 0

Фото: «Ана мен бала» орталығы

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілдері «Ана мен бала» орталығының ұжымымен кездесті.

Жиын барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, оның әлеуметтік салаға, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесіне ықпалы жан-жақты түсіндірілді. Кездесуге коалиция мүшелері Гүлшат Мұсаева, Сәрсенкүл Биқожа, Раушан Ысқақова қатысып, медицина қызметкерлерін 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

«Ана мен бала» орталығы ұжымына Ата Заң жобасындағы өзгерістер талқыланды

Коалиция мүшесі Гүлшат Мұсаева жаңа Конституция жобасының өзегінде адам өмірі мен қадір-қасиеті тұрғанын атап өтті. Оның айтуынша, құжаттың басты ерекшелігі – адамға бағдарланған мемлекет моделін бекітуінде. Жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланып отыр.

«Ана мен бала» орталығы ұжымына Ата Заң жобасындағы өзгерістер талқыланды

Бұл – жай ұстаным емес, мемлекеттік саясаттың құқықтық тірегіне айналатын қағида. Әсіресе медицина саласы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларына, әділ сыйақыға және әлеуметтік қорғалуға қатысты нормалардың конституциялық деңгейде бекітілуі аса маңызды. Дәрігерлер мен медбикелердің еңбегі – қоғам денсаулығының кепілі, сондықтан олардың құқықтық мәртебесі де жоғары деңгейде қорғалуы тиіс. Сонымен қатар, «Заң және тәртіп» қағидатының енгізілуі саладағы әділдік пен жауапкершілікті нығайта түседі.

Сәрсенкүл Биқожа өз сөзінде жаңа Конституцияның стратегиялық бағытына тоқталды. Ол құжатта білім, ғылым және адами капитал ұлттық дамудың басты қозғаушы күші ретінде айқындалғанын айтты. Салауатты ұлт қалыптастыру – осы адами капиталдың негізі. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесін нығайту мемлекеттің ұзақмерзімді дамуымен тікелей байланысты. Сонымен қатар, биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық екенінің нақты бекітілуі әр азаматтың саяси процеске қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Қазақстан Халық Кеңесін құру бастамасы да қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогты күшейтетінін атап өтті. Ол заңдарға кері күш беруге тыйым салу құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, әрбір азаматтың ертеңіне сеніммен қарауына жағдай жасайтынын жеткізді.

«Ана мен бала» орталығы ұжымына Ата Заң жобасындағы өзгерістер талқыланды

Раушан Ысқақова Конституция жобасының ұлттық бірегейлік пен егемендікті нығайтуға бағытталғанына тоқталды. Егемендік, аумақтық тұтастық және мемлекеттің унитарлық сипаты өзгермейтін құндылықтар ретінде айқындалуы – ел тұрақтылығының берік кепілі. Сонымен қатар, зайырлылық қағидаты нақты бекітіліп, білім беру мен тәрбие жүйесінің бейтараптығы сақталатыны көрсетілген. Бұл қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ететін маңызды негіз. Ол сондай-ақ биліктің теңдестірілген әрі есеп беретін жүйесін қалыптастыру арқылы басқару сапасы арта түсетінін айтты. Бір палаталы Құрылтайды құру – өкілді демократияны күшейтетін маңызды қадам.

Басқосуда ұжым мүшелері өз сауалдарын қойып, жаңа Конституция жобасына қатысты пікір алмасты. Олар ел дамуына ықпал ететін тарихи сәтте шегініп қалмайтындықтарын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: