Тіл – қай халықтың болмасын рухани қазынасы. Тіл – ең ұлы қару. Тіл ең асыл құндылық. Тіл ең керемет қатынас құралы, – демекші, 21 ақпан халықаралық «Ана тілі» мерекесіне орай, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен қалалық «Достық үйінде» мәдени мерекелік концерт өтті.
Концертке мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен студенттер өз ана тілінде ән айтып, өлең оқып, өз өнерлерін ортаға салды.
ҚАЖД №60 мекемесінен «Ана тілі» тақырыбында сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны Тілеубекова Толқынай жиналған қауымға керемет ой саларлық поэзиясын жатқа оқыды.
Іс-шара барысында көрермендердің тілге деген махаббаты мен сүйіспеншілігі ерекше көзге түсті. Тіл – біздің асыл қазынамыз, тарихымыздың тамыры. Тіліміз дамып шырақтай берсін. Ана тілі мерекесі құтты болсын!
№60 мекеме баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!