Бейсенбі, 28 қараша, 14:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Аналар кеңесі Президент Жолдауын талқылады

20.09.2021

862 0

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауын талқылау мақсатында Достық үйінің мәжіліс залында келелі кездесу болып өтті.

Оған «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова, облыстық ҚХА құрылымдарының жетекшілері, этномәдени бірлестіктің өкілдері, облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, Аналар кеңесінің белсенділері, аудандық аналар кеңесінің төрайымдары (онлайн байланыс арқылы) және БАҚ өкілдері қатысты.

Шара модераторы облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова болды. Алғы сөзді алған «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы Президент Жолдауы нағыз уақыт рухын сезіндіргендігін, бүгінгі күні әрқайсымызды толғандырған мәселелерін алдымызға алып шыққандығын айта отырып, Тәуелсіздік – тарих тоғыстырған, тағдыр табыстырған барша ұлт пен ұлыстың берік тұтастығы, Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі екендігіне тоқталып өтті.

Шараның шымылдығы «Тәуелсіздік – ұлы құндылық» бейнеролигімен ашылды. Мұнан соң облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова Жолдаудың негізгі басымдықтарына тоқталып өтті. «Ел экономикасын және ел басқаруды түбегейлі өзгерту – заман талабы» тақырыбында облыстық мәслихатының депутаты, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Манат Алмашева сөз сөйледі. Ал облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары Ирина Шек «Участие Ассамблеи народа Казахстана в укреплении единства и согласия казахстанского общества» мәселесін айтып өтті. «Басты байлық – денсаулық» бағыты бойынша облыстық онкоорталығының бөлім басшысы Виктория Юн және «Сапалы білім– жарқын болашақ кепілі» жайында №198 Ж. Нұрманов атындағы орта мектептің директоры Анжела Садықбекова және «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің нышаны» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенті, тіл жанашыры Пак Елена тұшымды ойларын ортаға салды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: