Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 23:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

Аналар құрметіне ашылған орталық

02.10.2023

696 0

Аймақ мерейтойы қарсаңында ел игілігіне берілген тағы бір нысан – «Анаға тағзым» орталығы. Құны 1,5 млрд теңгені құраған заманауи үлгідегі орталықта жас отбасыларға, қыз-келіншектерге, балаларға ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді жаңғыртуға мүмкіндік берілмек.  Ғимарат ішінде қыз-келіншектерге арналған арнайы бөлмелер, тұрмысқа және қонақ күтуге баулу, жан-жақты психологиялық көмек беру кабинеттері жұмыс істейді. Бұдан басқа шығармашыл жандарға арналған әдебиет және поэзия, дизайн студиясы мен би орталығы және жас отбасыларға қызмет көрсету бөлмелері бар.

Орталықтың ашылуына қатыс­қан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жиналған жұртшылықты жаңа ны­санның ашылуымен құттықтады.

– Қадірлі жерлестер, ардақты аналар, құрметті қонақтар! Бар­шаңызды ең алдымен Қызылорда облысының құрылғанына 85 жыл толуымен шын жүректен құт­тықтаймын. Тамырын тереңге тарт­қан, сан ғасырлық  тарихы бар шежірелі Сыр елі облыс болып құрылған осы жылдардың ішінде дамудың түрлі сатысынан өтіп, жаңару мен жаңғырудың жолына бет алды. Кейінгі жылдары өңірімізде туған жерімді түлетсем деген жаны жомарт, жүрегі мейірімге толы азаматтар көптеп шығуда. Жанашыр азаматтардың қолдауымен, демеу­шілігімен аймағымызда көптеген әсем ғимарат бой көтеруде. Бүгін облысымыздың 85 жылдық ме­рейлі мерекесі аясында «Анаға тағзым» орталығы ел игілігіне табысталады. Аналарымыздың құр­метіне салынған «Анаға тағзым» орталығы аймақ жұртшылығына жомарттығымен танымал белгілі кәсіпкер Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен бой көтерді. «Ана­ға тағзым» орталығы – балауса бойжеткен, қыз баладан бастап ардақты асыл әжеге дейін бас қосатын талбесік тәрбие мек­тебі. Орталық арқылы ақылды да парасатты аналарымыз бен ина­батты келіндеріміздің өнегелі ісінен, салмақты сөзінен тәжірибе жинаған жастарымыздың келешегі кемел болып, мықты отбасылар қатары көбейетіні сөзсіз. Барша Сыр жұртшылығы атынан туған жерінің жанашыр азаматы Марат Базарбайұлына шексіз алғысы­мызды,  ризашылығымызды білді­реміз, – деді.

Орталықтың ашылу салтанаты шарасында облыс әкімі қаланың өсіп-өркендеп гүлденуіне үлес қосып, демеушілік жасап жүрген перзенті, «Парасат» орденінің ие­гері Марат Дүйсенбаевқа Құрмет грамотасын табыстады.

А.СЕЙІЛ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: