Сәрсенбі, 25 маусым, 17:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46,2159
24.06.2025
PDF мұрағаты

Анасы баласын құтқармақ болып, екеуі де суға кетті

25.06.2025

77 0

Алматы облысындағы Талғар өзенінде әйел баласын құтқаруға ұмтылып, екеуі де суға кетті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, Алматыдан демалуға келген 10 жастағы бала отбасымен бірге өзен жағасында жүргенде Талғар өзеніне құлап кеткен. Баласын көріп қалған анасы оны құтқаруға бірден суға секірген. Алайда екеуі де судан тірі шықпады.

Құтқарушылар кейін әйелдің денесін тапты. Ал баланы іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Қазіргі уақытта құтқарушылар өзеннің арнасын бойлап, су қоймасына қарай іздестіру жүргізіп жатыр. Іздестіру-құтқару операциясына шамамен 110 қызметкер және 20-дан астам техника тартылған. 

Жұмысқа ТЖД, РҚЖ ТЖМ РК, ПД қызметкерлері, ұлттық парк қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, “Lider.kz” еріктілер қозғалысы және басқа да еріктілер қатысуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: