Фото: stan.kz
БҚО-да әйел кәмелетке толмаған 17 жастағы қызын алдап жезөкшелікке салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ішкі істер министрлігінің өкілдері брифингте Оралдағы колледждердің бірінде 2-курс оқитын қыздың оқиғасын айтты.
Деректерге сүйенсек, 17 жастағы бойжеткенді өзінің анасы алдап жезөкшелікке салған. Үш ай бойы 35 жастағы келіншек қызын жалдамалы пәтерлерде ер адамдарға апарған. Ол жарнаманы желіге салып, сол арқылы клиент тапқан.
Тәртіп сақшылары жәбірленушіні туыстарына тапсырды. Ал анасы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!