Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Облыстық жастар ресурстық орталығы мен бірлесе отырып, синтетикалық есірткі заттардың алдын алуға бағытталған «Apattan saqtan» акциясын өткізді.
Шара барысында қала тұрғындарына «Есірткіге қарсы болсаң – құшақта!» деген ерекше формат ұсынылды. Бұл таңдау арқылы тұрғындар өз ұстанымдарын көрсетіп, есірткіге қарсы екендерін білдірді. Қала тұрғындарының белсенділігі олардың саналы әрі жарқын болашақты қолдайтынын көрсетті.
Акция аясында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы негізінде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Синтетикалық есірткіге жол жоқ. Жастар есірткіге қарсы. Саналы ұрпақ – жарқын болашақ кепілі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!