Сейсенбі, 24 желтоқсан, 00:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Аптап ыстық және төтенше өрт қаупі: алдағы екі күнге арналған ауа райы болжамы

12.07.2023

741 0

Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері батыс циклоны Қазақстан аумағы арқылы өтіп, елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, қатты жел тұрып, бұршақ аралас жаңбыр жауады. 14-15 шілдеде солтүстік-батыста, 15 шілдеде елдің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және оңтүстік-батысында жауын-шашын жаумайды.

«Бүкіл кезең бойы шығыста, 13 шілдеде оңтүстікте, 13-14 шілдеде солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, Қазақстанның орталығында 45 градусқа дейін аптап сақталады. Республика бойынша төтенше өрт қаупі сақталып отыр», – делінген хабарламада.

Күндізгі ауа температурасы солтүстікте және орталықта +30 градусқа дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +30…+37 градусқа дейін төмендейді, елдің батысында негізгі ауа темпуратурасы +25 +35 градус болады.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/86964/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: