Бейсенбі, 03 шiлде, 21:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48,2161
01.07.2025
PDF мұрағаты

Аптап ыстыққа дайын болыңыз

03.07.2025

45 0

Қазгидромет синоптиктері шілдеде еліміздің басым бөлігінде ауа райы аптап ыстық болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ауа райы тұрақсыз, жауын-шашын, ал оңтүстікте қатты ыстық болады.

«1-5 шілде аралығында Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде +15+22°С-тан +25+30°C-қа дейін көтеріледі. Күндіз +30+39°C-тан +40+46°C-қа дейін өте қатты ыстық болады деген болжам бар. Тек айдың соңғы он күнінде ыстық қайтады», – делінген хабарламада.

Шілде айының екінші және үшінші онкүндігінде республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында ең ыстық күндері ауа температурасы +33+42°С, шеткі оңтүстікте +46°С-қа дейін көтеріледі. Салдарынан осы аймақтарда өрт қаупі жоғары болмақ.

Республиканың солтүстік жартысы мен шығысында ауа температурасы түнде +15+23°C-тан +7+12°C-қа дейін, күндіз +32+39°C-тан +18+23°C-қа дейін ауытқиды деп болжанып отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: