Бейсенбі, 26 маусым, 16:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46,2159
24.06.2025
PDF мұрағаты

Аптап ыстықтың иммунитетке әсері қандай?

26.06.2025

70 0

Фото: Pexels.com

АҚШ-тағы Калифорния университетінің (Ирвайн) ғалымдары аптап ыстықтың егде жастағы адамдардың иммундық жүйесі мен ішегіне кері әсер ететінін анықтады. Бұл организмді Vibrio vulnificus атты қауіпті бактерияның өршуін арттырып, инфекция қаупін күшейтеді. Бұл бактерия бүгінде жылы теңіз жағалауларында жиі кездеседі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы Science of the Total Environment журналы жазды.

Зерттеу барысында ғалымдар әртүрлі жастағы тышқандарды заманауи климаттық жағдайларға тән температурада ұстап, тәжірибе жүргізген. Нәтижесінде егде тышқандарда ішек зақымдануы, жүйелі қабыну және иммундық қызметтің бұзылуы байқалған. Сондай-ақ, олардың ішегінде антибиотиктерге төзімді бактериялардың көбеюі тіркелген.

Ғалымдар алғаш рет жылу стрессі мен ішектің нашарлауы арасындағы тікелей байланысты дәлелдей алды. Бұл жағдай қауіпті инфекциялардың даму қаупін едәуір арттырады. Алайда, егде тышқандарға Roseburia intestinalis пробиотигін беру арқылы олардың иммунитетін қалпына келтіріп, инфекция белгілерін азайту мүмкін болған.

Зерттеу нәтижелері ішек денсаулығын күшейтудің маңыздылығын көрсетіп отыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: