Сәрсенбі, 18 ақпан, 10:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13 (2225)
17.02.2026
PDF мұрағаты

«Ақ жол» партиясы өкілдері кәсіпкерлермен кездесті

18.02.2026

54 0

Фото: «Ақ жол» партиясы

«Ақ жол» партиясы Қызылорда облыстық филиалының өкілдері қаладағы «Aray City Mall» сауда-ойын-сауық орталығында кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Іс-шараға облыстық филиал төрағасы Б. Сандыбаев, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары Қ. Боранбаев, Н. Сопбеков, А. Төлегенова және филиал қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасын қолдау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Кәсіпкерлерге жаңа Конституция жобасының негізгі нормалары түсіндірілді. Түсіндіру жұмыстарын Б. Сандыбаев, Қ. Боранбаев, А. Төлегенова және облыстық филиал заңгері Н. Амангелдиев жүргізді.

Шараға БАҚ өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Егемен Қазақстан, Қазақстан ұлттық телеарнасы, Кызылординские вести және Қызылорда облыстық телеарнасы өкілдері ақпарат таратты. Кездесу соңында депутат А. Төлегенова телеарналарға сұхбат берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: