Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Ақәділ Пернебай Ақтау қаласында өткен Жастар арасындағы Жамбы атудан Азия чемпионатында жүлделі орындарға ие болды.
Байрақты додаға 10 мемлекеттен келген үздік спортшылар қатысып, өзара бақ сынады. Жарыс нәтижесінде университетіміздің мақтанышы Ақәділ Пернебай Мажар стилі бойынша 1 орынға, ал Азия стилі бойынша 2 орынға қол жеткізді.
Бұл жеңіс – ұлттық спортты халықаралық деңгейде насихаттауға қосылған зор үлес. Жас спортшымыздың жеңісі университетіміз үшін үлкен мақтаныш болып табылады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!