Ақмола облысы Зеренді ауылында жеке тұрған бір қабатты азық-түлік дүкені өртенді. Оқиға бүгін 26 қаңтарда болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ТЖД өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында қызыл жалын толығымен сөндірілгенін атап өтті. Өрт 25 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.
Ведомство азаматтарды тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!