Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ақпан мен наурызда су тасқыны болуы мүмкін

24.01.2023

631 0

Ақпан мен наурыз айында күн күрт жылынған жағдайда су тасқыны болуы мүмкін. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Топырақтың күзгі ылғалдылығының көрсеткіштері келесідей. Орташа көпжылдық мәндерден жоғары: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында. Қарағанды, Ұлытау, Ақмола облысының жекелеген өзендерінде және Ақтөбе облысында төмен көрсеткіштер байқалады. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында топырақтың қату тереңдігі былтырғы көрсеткіштерден орта есеппен 7-ден 35 см-ге дейін жоғары. Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында өткен жылғы көрсеткіштерден орта есеппен 7-ден 59 см-ге дейін төмен. Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, ақпан және наурыз айларында температураның күрт көтерілуі және қатты жаңбыр болған жағдайда су тасқыны пайда болуы мүмкін», – деді Зүлфия Сүлейменова.

Оның атап өтуінше, алдын ала болжамға сәйкес, ақпан айында республиканың басым бөлігіндегі ауа температурасы климаттық нормаға жақын, Қазақстанның қиыр оңтүстігінде-нормадан 1°С жоғары болады. Ақпан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жуықтайды. Ал Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарының батысында нормадан аз, Түркістан облысында нормадан көп болады деп болжанады. Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Жетісу облыстарының оңтүстік жартысында нормадан аз болады деп жорамалданады.

«Алдын ала болжамға сәйкес наурыз айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға, батыс өңірлерде – 1° нормадан жоғары, нормадан 1° төмен – елдің оңтүстік аймақтарының солтүстік-шығысында, орталығында және солтүстігінде байқалады», – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: