Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Сыр еліне жұмыс сапарымен келді.
Министр алдымен қаланың сол жағалауында орналасқан Жастар ресурстық орталығына барып, жұмыс барысымен танысты.
– Сыр жастарының бастамашыл және шығармалылық ынталары қуантты. Жастар ресурстық орталығында әртүрлі салалар қамтылған екен. Сыр жастарына арнап түрлі жобаларды қолға алып, іске асыру үшін бірқатар жұмыс атқарылып жатқанына куә болдым. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді министр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!