Дүйсенбі, 25 қараша, 04:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Ақпараттық насихат тобы мүшелері халыққа қызмет көрсету орталығында болды

20.10.2022

659 0

Бүгін қалалық партия филиалы  жанындағы Мемлекет басшысының Жолдауын насихаттауға бағытталған ақпараттық насихат тобының мүшелері Раушан Ысқақова мен Айгүл Мұсабаева Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарымен кездесіп, Жолдауды насихатады.

Кездесуде Жолдаудың негізгі бағыттары жөнінде түсіндірме жасаған Раушан Жәдігерқызы қазіргі уақытта әлемнің үздік дамыған мемлекеттерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай ұлттық экономиканы дамыту заманауи инновациялық технологияларды игеру мен белсенді ендіруді талап ететіндігін атап өтіп, қоғамдық өмірдің барлық салаларын цифрландыру мен автоматтандыру сондай-ақ алдыңғы қатарлы озық инновациялық технологиялар жалпы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, ел тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін де қажет екендігін жеткізді.

«Президент Қ.К.Тоқаев ұлттық табыстың игілігін халықтың барлығы бірдей көріп отырмағанын да айтты. Осыған орай, 2024 жылдан бастап, «Ұлттық қор балаларға» жобасы жұмыс істейтін болды. Бұл бағдарлама ана ретінде  өзімді қатты қуантты. Келешекте жастарымыз жиналған қаражатқа сүйене отырып, сапалы білім алып қана қоймай, өз баспанасына қол жеткізеді», деп атап өтті Айгүл Нәжмадинқызы.

Кездесуде қызмет көрсету саласының мамандары Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан барлық бастамалары көңілдерінен шықнандығын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: