Сейсенбі, 26 қараша, 15:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Ақсуатқа газ баратын күн жақын

01.05.2021

2090 0

Қала әкімдігінде бірқатар  сала басшылары жиналып, маңызды мәселелердің тінін тарқатты. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов пен қала әкімі Ғанибек Қазантаев басшылық етті. Басқарма басшылары, қалалық бөлімдер мен коммуналдық мекеме басшылары қатысқан мәжілісте коммуналдық маңызды мәселелер талқыланып, оны шешу жолдары айтылды.

Жиында тұрғын үй құрылысы, газ, жарық, жылу мен тасымалдау саласындағы түйткілді мәселелер қозғалды. Үй құрылысы бойынша облыс әкімінің орынбасары апаттық үйлердің тұрғындары мен үй кезегінде тұрған көпбалалы аналарды тезірек баспанамен қамту керектігін айтты.

Сондай-ақ мәжілісте қаланың сәулеттік келбеті де сөз болып, алдағы жоспар айтылды. Жоспар ішінде сол жағалаудан салынатын гүл бульвары да бар. Аумағы 12 гектар жерді алатын бульвардың салынуы тағы да пысықталды.

Шаһарға қарасты ауылдық округтерді «көгілдір отынмен» қамтасыз ету мәселесі көтеріліп, оған облыстық тұрғын-үй ком­муналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетов жауап берді. Басқарма басшысы өз баяндамасында биыл Ақсуат ауылдық округін газбен қамту жұмысы басталатынын, ал Абай ауылын газдандыру үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып жатқандығын хабарлады.

Тұрғындар талабында көш бастап тұрған бірден-бір мәселе – жол құрылысы да осы мәжілісте айтылды. Осыған орай қала әкімі «Өткен жылы қалада жүргізілген қарқынды жұмыстар негізінде көптеген тұрғын жол азабынан құтылып, жаңа жолдың игілігін көрді. Биыл да бұл жұмыстар қарқынды түрде жалғасады», – деді. Шаһар басшысы басқосуда көтерілген өзге де мәселелердің шешілуін, берілген тапсырмалардың хат­тамаға сәйкес облыстық басқармалармен бір­лесіп атқарылуын қатаң бақылауда ұстай­тынын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: