Сәрсенбі, 20 қараша, 06:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Ақсуаттағы ахуал аппарат мәжілісінде қаралды

21.12.2022

948 0

Бүгін шаһар басшысы Асылбек Шаменовтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтіп, маңызды жиынның күн тәртібінде Ақсуат ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы міндеттері және орындаушылық тәртіп туралы екі мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша Ақсуат ауылдық округінің әкімі Мәмбетәлі Ақмырзаев баяндама жасап, атқарған жұмыстар жайын тізбеледі.

Қазіргі таңда жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мінбердегі маңызды мәселелердің бірі. Бұл бағытта елді мекенде жоспарлы шаралар қабылданып, жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайызға төмендеді.

Салық түсімдері бойынша да жоспар артығымен орындалды. Кәсіпкерлік саласы айтарлықтай дамып, осы елдегі азаматтар балаларға арнап ауыл орталығынан спорт кешенінің құрылысын бастады. Samruk – Kazyna Trust» корпоративтік қоры құны 239 млн. теңге болатын кешенді келер жылы пайдалануға береді.

«Бір ауылға – бір жылыжай» жобасы аясында «Шапағат» ЖК өз қаражаты есебінен салған жылыжайынан шыққан өнімдерін ауыл тұрғындарына төмен бағада ұсынып отыр. Бірер жылдың шамасында жылыжай басшылығы лимон өнімдерін сатылымға шығармақ ниетте. Қазірде лимонның 100-ден астам көшеті шет елдерден әкелініп, отырғызылды.

​Газ желісі тартылмаған елді мекендердің бірі – Ақсуат ауылдық округі болатын. Бұл округке 2022 жылы республикалық бюджеттен 4.4 млрд. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілді. Келер жылы жоба толығымен аяқталып, ақсуаттық ағайын көгілдір отынға қосылады. Бұл жұмыстардың сапалы және жедел жүруі бақылауда болуы керек. Қала әкімі Асылбек Шаменов газға қосылу кезінде қауіпсіздік талаптарын күшейтіп, тұрғындарға түсіндірме шараларын жүргізуді тапсырды.

​Орындаушылық тәртібінде кемшіліктер болмауы керек. Айтар болсақ, тапсырылған әрбір жұмыс, түскен арыз-шағымдар мерзімінде орындалуы қажет. Бұл тақырып бойынша қала әкімі аппаратынның басшысы Берлібек Ахмет баяндама жасады.

​Бүгінгі күнге дейін «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне барлығы 7487 арыз тіркелді. Тіркелген барлық арыздар жауапты салалармен орындалып келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету аясында жыл көлемінде тиісті бөлімдермен «Қауіпті құрылғыларды есепке қою» қызметі бойынша және «Ауылшаруашылық техникасын басқаруға куәлік беру» қызметі бойынша мерзім бұзушылықтар орын алған.

​ҚР Президенті Әкімшілігімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген тексеру нәтижесінде, «Жердің нысаналы мақсатын өзгерту» қызметі, сондай-ақ «Жер учаскесінің жобасын бекіту» қызметін көрсету барысында бірнеше бұзушылықтарға жол берілгені анықталды. Аталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кемшіліктерге жол берген бөлім басшысы мен жауапты мамандарға тәртіптік жаза қолданылды.

​Қызылорда қаласының прокуратурасымен маусым айында су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша қабылданған шаралардың толықтығы мен заңдылығына тексеру жүргізіп, бірқатар кемшіліктер анықталды. Сәйкесінше, тиісті қызметкерлердің жауапкершіліктері мен алдағы дайындық барысы қаралды.​Қазірде қалаға қарасты бірқатар елді мекендердің төтенше жағдайға әлі күнге дейін дайын еместігі байқалады.
Биыл Сырдария өзеніндегі судың деңгейі жоғары. Сондықтан су тасқыны кезеңіне дайындықты және бақылауды күнделікті жүргізіп отыру қажет.
​Көтерілген мәселелерге байланысты қала әкімі Асылбек Шаменов тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: