Сәрсенбі, 27 қараша, 09:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

 Ақтауда шаяндар жаппай қырылып жатыр

31.07.2024

291 0

Фото: lada.kz

Ақтауда шаяндар жаппай қырылып жатқаны туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев 4А-шағынауданындағы жағалауда шаяндар неге қырылып жатқанын айтты. Оның сөзінше, бұған адамның ашкөздігі себеп болып отыр.

Блогердің пікірінше, шаяндар балықшының кесірінен қырылып жатыр. 

«Ақтау қаласының жағажайларының бірінің жағасында шаяндардың жаппай қырылуына күдікті кінәлі табылды. Жергілікті балықшы теңізге әр шыққан сайын ашкөздіктен 300-400 келі шаян, т.б. аулайды, жартысын сатады да, қалғанын, яғни өлген шаяндарды қайтадан теңізге лақтырады. Ақпарат берушінің айтуынша, бастапқыда ол каналға тастап жүрген, бірақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы даудан кейін тоқтатқан, енді басын ауыртпай шаяндарды пирстің астына тастай бастады», – деді блогер.

Қоғам белсендісі балықшыларды бақылау керек екенін, теңіз фаунасын ойланбастан әрі көп мөлшерде аулауға тыйым салу керек екенін жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: