Ақтөбе облысында салдары адам өліміне әкеп соғатын ірі жол апаты орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 11 шілде сағат 12:30-да Ақтөбе-Орынбор автожолының 20 шақырымында ВАЗ-2111 және ВАЗ-2115 автокөліктерінің соқтығысуымен болды.
Салдарынан екі көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Үш жолаушы жедел түрде ауруханаға жеткізілді.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!