Ақтөбеде атыс болып, бірнеше адам жараланды. Пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген бір науқас қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
28 мамырда Ақтөбеде 18 бен 22 жас аралығындағы 9 адам бір-бірімен атысып, пышақтаған.
Оқ тиіп, пышақталған бірнеше ажам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Пышақталған науқастың бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болды, – делінген хабарламада.
Полиция қылмысты жасады деген күдікпен төрт күдіктіні ұстады. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!