Ақтөбелік өрт сөндірушілер үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін таңертең Астана ауданының жеке тұрғын үйлерінің бірінде кіреберіс бөлме өртеніп, қызыл жалын шатырға ауысқан.
ТЖМ күштерімен өрт 40 шаршы метр алаңда шақырту түскен сәттен бастап 25 минут ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!