Сенбі, 26 шiлде, 07:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№55, 2168
26.07.2025
PDF мұрағаты

Ақтөбеде жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізушілер жазаланды

25.07.2025

180 0

Фото: El.kz Артем ЧУРСИНОВ

Ақтөбе облысында жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізушілер жазалануда. Жыл басынан бері  6 жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Патрульдік полиция қызметкерлері күнделікті рейдтер барысында арнайы дабыл белгісімен келе жатқан жедел қызмет көліктеріне жол бермеу жағдайларын анықтауда. Жүргізушілердің басым бөлігі ережені сақтағанымен, кейбір жағдайларда бұл талап орындалмай жатыр.

Осындай жайттардың бірі 23 шілде күні анықталды. Жедел жәрдем қызметі шұғыл шақыртуға бара жатқан сәтте  Toyota Prado автокөлігінің жүргізушісі дабыл белгісіне қарамастан жол бермей, қозғалысын жалғастырған. Оқиға орнында болған патрульдік полиция экипажы жүргізушіні тоқтатып,  Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 598-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Жедел жәрдемнің әрбір минуты есепте. Жол берілмеген бірнеше секундтың арты орны толмас салдарға соқтыруы мүмкін, – дейді патрульдік полиция батальонының инспекторы Балтабек Қанатұлы.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, арнайы қызмет көліктеріне жол бермегендерге 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: