Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 12:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі ұсталды

14.07.2023

724 0

Бүгін еліміздің ІІМнің баспасөз қызметі «Дикий Арман» бастаған қылмыстық топтың 80-нан астам мүшесі ұсталғанын мәлімдеді. Олардың ішінде танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Нұржан Иманәлиев те бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айтыскердің өзі болған жағдайға қатысы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Нұржан Иманәлиевтің осы уақытқа дейін халықаралық іздеуде болғаны белгілі болды.

Нұржан Иманәлиевтің қамауда отырған Арман Жұмагелдиевпен тығыз байланыста екені көпшілікке белгілі. Оның әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы жариялаған суретте Арман Жұмагелдиевпен бірге тұрғанын көруге болады.

Еске салайық, «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев былтыр 7 қаңтарда ұсталған болатын.

Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманның» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын мәлімдеді. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі тоқтаусыз ұзартылып келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: