Сенбі, 04 қаңтар, 04:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№103 — 2113
31.12.2024
PDF мұрағаты

Ақжарма ауылына табиғи газ қосылды

31.12.2024

282 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Ақжарма ауылын газ желісіне қосу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жауапты сала басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Аймақ басшысы ақжармалықтарды көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады.
«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының Сыр өңірін айрықша қолдауының арқасында бүгінде облысымыз қарқынды дамып келеді. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты. Барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындамыз. Жыл бойы Президентіміз бен Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында өңірдің әлеуметтік-экономикалық серпінді дамуын тұрақты түрде қамтамасыз еттік. Облыс бюджеті 750 млрд теңгеден асты, осыдан екі жарым жыл бұрын 364 млрд теңге болатын. Өсім 206 пайызды құрады. Атқарылған әрбір игілікті іс елді мекендер тіршілігінің тамырына қан жүгіртіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға жол ашады.
Қызылорда қаласының бюджеті жыл басында 58,2 млрд.теңгемен бекітілсе, жыл қорытындысымен 113,1 млрд. теңге болды, яғни 94,3 пайызға артты. Бұл қаржы тұрғындар сұранысына сай өзекті мәселелерге бағытталды. Ауылдың дамуы, келешегінің зор болуы – сіздердің еңбекқорлықтарыңыз бен ауызбіршіліктеріңізге тікелей байланысты. Ауылдарыңызға келген «көгілдір отын» халықтың тұрмыс сапасын арттырып, ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң әсер етеді деп сенеміз. Бүгінгі үлкен қуаныш барша отбасына бақыт пен шаттық әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!Жаңа жыл құтты болсын!», -деді Н.Нәлібаев.
Іс-шарада Сенат депутаты Руслан Рүстемұлы жұртшылыққа лебізін жеткізіп, қоғам қайраткері Бақберген Сәрсенұлы батасын берді. Ауылдың дамуына үлес қосқан азаматтарға және мердігер мекеме қызметкерлеріне облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Газ қосу рәсімінен кейін аймақ басшысы тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстар, алдағы бағыт-бағдар туралы айтты. Әсіресе, қолға алынған инфрақұрылымдық жобаларға, әр саладағы жаңашылдықтарға тоқталды, кездесуге келушілердің ой-пікірлерін тыңдады.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: