Жолда жүріп келе жатқан автобус тоқтамаған күйі жол жиегіне шығып кеткен.
Қоғамдық автобустың ішінде бірнеше жолаушы болыпты, деп хабарлайды Экспресс К.
Оқиға Шымкентте Т.Рысқұлов жән Б.Момышұлы көшелерінің қиылысында болған. Автобус жүргізушісі ара шаққаннан кейін өзін нашар сезіне бастапты. Ол полицейлерге жәндіктің уынан әлсіреп, көлікке ие бола алмай қалғанын айтыпты. Содан соң автобуспен жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен. Жазатайым жағдайдан жолаушылар зардап шекпеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!