Арал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Әйімбетов референдумның маңыздылығы туралы пікір білдіріп, тұрғындарды белсенді болуға шақырды. Ардагерлер әрдайым ортаңғы буын мен жастарға жол сілтеуші, бағыт-бағдар беруші.
Оның айтуынша, ел тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәттерде халықтың бірлігі мен жауапкершілігі ерекше көрінеді. Ардагерлер қауымы әрқашан елдің тұрақтылығы мен дамуын қолдап келеді.
Әділбек Әйімбетов сондай-ақ жастарға үлгі болу үшін үлкен буын өкілдері референдумға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын көрсетіп отырғанын айтты.
– Бүгін аудан ақсақалдарымен бірге келіп, өз дауысымызды бердік. Дауыс беру учаскесіне келген халыққа ақ батамды бердім. Жастарымыз аман болсын, еліміз тыныш, жұртымыз берекелі болсын деп тілек айттым. Осындай маңызды күні халықтың белсенді қатысып жатқанын көріп, қуанып тұрмын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын деп тілеймін. Елдің ертеңі үшін әр азамат өз таңдауын жасауы керек, – деді қария.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
