Дүйсенбі, 21 шiлде, 16:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53, 2166
19.07.2025
PDF мұрағаты

Арал ауданына тартылған инвестиция көлемі 1,8 есеге артты

21.07.2025

100 0

Жыл басынан бері Арал ауданына тартылған инвестиция көлемі 16,5 млрд теңгеден асып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,8 есеге артқан. Бұл көрсеткіш аудандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсарып келе жатқанын көрсетеді. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарын баяндады.

– Бірінші жартыжылдықта ауданның экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты. 7 макроэкономикалық көрсеткіш бойынша өсім тіркеліп отыр. Ауданның кірісі ағымдағы жылдың 6 айында 7,6 млрд. теңгеге орындалып, болжам 102,0 пайызға артты. Оның ішінде, өз түсімдеріміз 2,6 млрд. теңге болып, 114,4 пайызға артық орындалған. Өнеркәсіп орындары 18,2 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өсім 5,1 пайызға жетті. Оның 70 пайызы өңдеу саласына тиесілі болып, 11,6 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Биыл аудан көлемінде жалпы құны 13,1 млрд. теңге болатын 6 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Оның ішінде «Ase Invest» ЖШС-нің «Тұрмысқа қажетті құрғақ ұнтақтар өндіру» жобасы мамыр айында жұмысын бастады. Жобаның құны 300 млн. теңгені құрап, 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Қалған 5 жоба жыл соңына дейін іске қосылады. Қазіргі таңда ауданда 4 853 бірлік шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болса, оның 96,3 пайызы тұрақты жұмыс істеуде. Мемлекеттік бағдарламалармен қаржы институттары арқылы 739,6 млн.теңгенің 56 жобасы несиелендірілді. Сондай-ақ, 114,8 млн. теңге болатын 73 жоба грантқа ие болды, – деді Аманжол Сақыпұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: