Дүйсенбі, 23 наурыз, 12:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№21 (2232)
22.03.2026
PDF мұрағаты

Арал ауданында Әз-Наурызға арналған мерекелік шара өтті

23.03.2026

33 0

Фото: Қызылорда Облыстық Мәслихаты

Бүгін Арал ауданының орталығында «Нұр төгілсін еліме – Әз Наурызда!» атты ауқымды мерекелік шара өтті.

Арал ауданында Әз-Наурызға арналған мерекелік шара өтті


Мерекелік шараға аудан тұрғындары жиналып, қазақы салт-дәстүрмен сабақтасқан көріністердің куәсі болды.
Салтанатты жиынға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов арнайы қатысып, жиналған жұртшылықты Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.


«Баршаңызды тіршілік атаулыға жан бітіп, Жер-Ана жаңаратын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің бастауы. Жылдың бұл мезгілі – күн мен түн теңеліп, жер жүзі қайта түлейтін шақ. Ата-бабамыз ежелден шуақты көктем мерекесіне айрықша мән беріп, оны Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған.
Бүгінде Президентіміздің бастамасымен өткен жылдан бастап елімізде Наурыз мейрамы 10 күн бойы тойлануда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөздерінде еліміздің басты құндылығы – халықтың әл-ауқатын арттыру екенін әрдайым атап өтеді. Осы бағытта аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен өңірдің дамуына, халықтың тұрмыс деңгейін арттыруға бағытталған маңызды жобалар іске асырылуда.
Арал ауданы үшін де өткен жыл табысты болып, тұрғындарды ауыз сумен, электр жарығымен, «көгілдір отынмен», тұрғын үймен қамтамасыз ету, жол жөндеу және абаттандыру мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде.
Биыл еліміз үшін, өңіріміз үшін айрықша мәні бар тарихи маңызды жыл болуда. Халқымыз ұлт жылнамасындағы жаңа кезеңге қадам басуда. Сыр өңірінде өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы бұған дейінгі саяси реформаларының жалғасы ретінде Конституциялық жаңғыруға қатысты бастамаларын жария еткен болатын.
15-ші наурызда халқымыз Қазақстанның жаңа тарихын жазып, келешек тағдырын айқындады. Дана халқымыз «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген. Тәуелсіздігіміздің басты нышаны болатын жаңа құжатты қабылдауға жерлестеріміз үлкен жауапкершілікпен атсалысып, өңірлер арасында көш бастадық. Ендігі басты міндет – осы тарихи шешімді нақты іске асырып, жаңа Конституцияның мүмкіндіктерін ел игілігіне жарату.
Ұлыстың ұлы күнінде тілеген игі тілектеріңіз қабыл болып, әрбір істеріңіз жемісті, еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай! Әрбір шаңыраққа бақ-береке, шаттық пен қуаныш орнасын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әз-Наурыз құтты болсын!, – деді облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов.

Арал ауданында Әз-Наурызға арналған мерекелік шара өтті


Мерекелік шара барысында облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов өңірдің қоғамдық-мәдени өміріне белсене атсалысқан бір топ азаматтарды Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапаттады. Ал аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев Наурызнама онкүндігі аясындағы шараларды жоғары деңгейде өткізуге үлес қосқан азаматтарға облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады.

Арал ауданында Әз-Наурызға арналған мерекелік шара өтті


Салтанатты жиынға қатысқан зиялы қауым өкілдері ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлерді аралап, онда көрсетілген салт-дәстүрлерге куә болды. Бұл күні ұлттық спорт түрлеріне де ерекше мән берілді.


Осылайша Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылған мазмұнды шаралар аудан өміріне ерекше серпін беріп, жиналған жұртшылықтың мерекелік көңіл күйін еселей түсті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: