20 қарашада сағат 16:30-да «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында Арал ауданының тұсынан өтетін «КАZ-06» «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» тас жолының бойында орналасқан «ҚАЖсервис» ЖШС Қызылорда облыстық филиалының №49 жол пайдалану учаскесінің ауласында облыстағы азаматтық қорғау қызметтерінің техникаларының саптық қарауы өткізілді.


Аталған іс-шараның барысында Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлының, Арал ауданы әкімінің орынбасары Бохаев Нұрмұхамет Омарұлының қатысуымен техникалардың жай-күйі, сапасы, жарамдылығы қаралды, азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын сарапқа салынды. Осы іс-шараға облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің 185 адамы, 46 техникасы қатыстырылды.
Онан соң «Үзіліс-3003» шартты белгісі қабылданып, облыстың басқару органдарына жеткізілді.



Қызылорда облысы ТЖД
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!