Жыл өткен сайын Арал ауданы ерекше көркейіп, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәселен, өткен жылы 95 жылдығын атап өткен Арал қаласында биыл 42 көшеге түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ, демеушілердің есебінен халыққа қажетті әлеуметтік нысандар да бой көтермек. Бұл туралы Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Арал ауданының әкімі Серік Сағитжанұлы хабарлады.
–»Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында тұрғындарға қолайлы демалыс орындарын ұйымдастыру мақсатында былтыр басталған «Балықшылар аллеясына» абаттандыру жұмыстары жалғасын табуда. Одан бөлек, биыл «Жалаңтөс Баһадүр» алаңы толық абаттандырылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Ерекше атап өту керек, аймақ басшысының бастамасымен алғаш рет өткізілген «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсында Аманөткел ауылы «Үлгілі ауыл» номинациясы бойынша үшінші орынды жеңіп алды. Бұл біз үшін зор мәртебе. Осының арқасында коммуналдық саламыз әмбебап трактор техникасымен толықты. Былтыр Арал қаласының 95 жылдығы мен «Балалар жылы» аясында кәсіпкерлеріміздің қолдауымен 6 ойын алаңы ашылды. Бұл игі іс биыл да жалғасын тауып, ауданда спорт пен ойын алаңдарын салуға, әлеуметтік нысандардың жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті кәсіпкерлер қолдау көрсетіп келеді, – деді аудан әкімі Серік Сермағамбетов.
Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!