Салауатты өмір салтын қалыптастыру, халықтың спортпен шұғылдануына кеңінен жол ашу — бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл бағытта аудан көлемінде көптеген шаралар қолға алынуда.
Жақында аудан орталығындағы «Шанхай» мөлтек ауданындағы Қазыбек би көшесінің бойынан және «Автобаз» мөлтек ауданындағы Бақтыбай батыр мен Ә.Сатаев көшелерінің қиылысында бой көтерген жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді. Жаңа алаңда енді балалармен қатар ересектер де спортпен шұғылданып, түрлі жаттығулар жасай алады.
Тұрғындардың бос уақытын қауіпсіз әрі тиімді өткізуін қамтамасыз ету, физикалық тұрғыда салауатты өмір салтын қалыптастыру және жақсы жағдайда өмір сүруіне септігін тигізу мақсатында ашылған спорт алаңы бүгінде өз жұмысын бастап кетті. Шағын аумақтағы әр алаңда салауатты өмір салтын сақтап, бұқаралық спорт түрлерімен айналысатын арнайы 9 тренажерлық жаттығу құралы орнатылған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!