Сәрсенбі, 09 шiлде, 15:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№50,2163
09.07.2025
PDF мұрағаты

«Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафоны өтті

09.07.2025

61 0

   «Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафоны Қызылорда облысында өтті. 2025 жылғы маусым-қыркүйек айлары аралығында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ардагер өсиеті» атты республикалық жастар марафоны өткізілуде.

   Аталған марафон Ақтөбе облысынан бастау алып, Астана қаласында мәресіне жетеді. Елдің әр өңірін аралап, жас ұрпақ пен ардагерлердің арасындағы тарихи сабақтастықты нығайтуға бағытталған бұл шара 7 шілде күні Маңғыстау облысынан Қызылорда облысына жалғасып, арнайы өсиет хатты өңір жастарына салтанатты түрде табыстады.

   8 шілде күні Қызылорда қаласындағы «Тағзым» алаңында өткен марафон аясындағы іс-шарада Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым ретінде гүл шоқтары қойылып, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ә. Дүйсенбаев пен Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Р. Каюпов алғы сөз сөйлеп, жастарды елге қызмет етуге, тарихты ұмытпауға үндеді.

   Салтанатты жиында «Ардагер өсиеті» хаты таныстырылып, қатысушылар естелік суретке түсті. Әріқарай шарамыз экологиялық акциямен жалғасын тапты. Кейін, делегация Тереңөзек кентіне жол тартып, Сырдария ауданында тұратын ҰОС ардагері Яхия Тасыровты арнайы барып құттықтады.

   Жастар мен ардагерлердің басын қосқан, ұрпақтар сабақтастығын нығайтқан бұл игі бастама 9 шілде күні «Ардагер өсиеті» хатын Түркістан облысына салтанатты түрде табысталады.

   Бұл тағылымды шара – ел үшін аянбай тер төккен ардагерлерімізге деген құрметтің, елдің өткенін естен шығармаудың, келешекке үмітпен қараудың белгісі. Бұл – ел тарихына тағзым, жас буынға өнеге.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: