Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ардагерлер кеңесінің кезекті алқа мәжілісі өтті

30.01.2023

969 0

Облыстық ардагерлер Кеңесі аймақтың саяси тұрақтылығын сақтау, жас ұрпақтың бойына патриоттық және адамгершілік қасиетін сіңіру және қарт адамдардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғауда сүбелі үлес қосып келеді. Осыған орай, бүгін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаевтың жүргізуімен облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті Алқа мәжілісі өтті.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов, ардагерлер кеңесінің Алқа мүшелері, облыстық басқарма басшылары, тексеру және тұрақты комиссиялардың мүшелері, салалық ардагерлер кеңестерінің төрағалары, аймақтық ардагерлер ұйымдарының белсенділері, БАҚ өкілдері және онлайн байланыс арқылы аудандық ардагерлер ұйымдарының Алқа мүшелері қатысты. Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов облыстық ардагерлер кеңесінің жұмысы лайықты жолға қойылғанын айтып, қазыналы қариялар елдің бірлігі мен халықтың ынтымағы жолында ерен еңбектің үлгісін көрсетіп келе жатқанын тілге тиек етті. Ал облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев биыл ардагерлер кеңесінде ауқымды жұмыстар атқарылатынын және елдің бірлігін бекем сақтауда өз үлестерін қосатынын жеткізді.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Петро Қазақстан Құмкөл Рессорсиз» мұнай компаниясы бастауыш ардагерлер ұйымының, облыстық білім саласының ардагерлер кеңесінің есептерін тыңдап, тәжірибе алмасу ұсынылды.

Екінші мәселеде ардагерлер кеңесінің алдағы міндеттері мен еліміздегі қоғамдық-саяси ахуалды басшылыққа ала отырып, 2023 жылға жұмыс жоспары таныстырылды. Биылғы жұмыс жоспарында аймақ бойынша әр айда бір бағыттағы шараларды өткізу ұсынылды. Келесі мәселе, ішкі құрылымды жетілдіру және ардагерлер қозғалысын көпшілікке насихаттау бағыттары қарастырылды. Облыстық ардагерлер Кеңесінің Алқа мәжілісінде қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданып, нақты жоспарлар айқындалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: