Қызылорда қалалық мәслихатының мәжіліс залында қалалық ардагерлер кеңесінің ІІ пленумы өтті. Аталған пленумда Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаевтың «XIII қалалық конференциядан бергі уақытта атқарған жұмыстары жайлы» баяндамасы тыңдалды. Ардагерлер жиынына қала әкімі Асылбек Шәменов қатысты.
Кеңес төрағасы баяндамасында ардагерлердің әлеуметтік, экономикалық, материалдық, рухани жаңғыруларын жақ-сарту, бастауыш ұйымдардың жұмысын барынша жандандыру, оның беделін, белсенділігін арттыру, ұрпақтар сабақтастығы, жастар тәрбиесі, жанұя беріктігін сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, тәрбие саласында атқарылған жұмыстарды атап көрсетті.
Пленум барысында қала әкімі Асылбек Шәменов биыл мерейтойларын атап өткен бірқатар ардагерлерге сый-құрмет көрсетті. Айта кету керек, қазіргі таңда қалалық ардагерлер кеңесінде 223 бастауыш ардагерлер ұйымы, 31365 зейнеткер – ардагерлер есепте тұрады. Оның 860-ы тыл ардагері болса, 200-і Ауған, Семей-Невада, Чернобыль ардагері.
Бүгінде қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері қоғамға белсенді түрде қатысады. Қалада өткізілген қандай да шараларда белсенділік танытып, өз үлесін қосып келеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!