Бейсенбі, 18 қыркүйек, 13:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№70, 2183
16.09.2025
PDF мұрағаты

Архив қызметкерлеріне ауылда үстемақы енгізілмек – вице-министр

18.09.2025

41 0

Фото:depositphotos.com

Мәжілісте архив қызметкерлеріне ауылда үстемақы енгізу мәселесі көтерілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz .


Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев архив саласындағы кадр тапшылығын атап өтті. Оның айтуынша, әсіресе ауылдық жерлерде жағдай күрделі.

«Жалақының төмен болуынан жас мамандар келмейді, ал қазіргі қызметкерлердің басым бөлігі зейнет жасына жақындап қалған. Заң жобасында архив саласының мамандарына ауылда жұмыс істегені үшін үстемақы төлеу құзыреті жергілікті атқарушы органдарға берілген. Осыған байланысты сұраймын: қосымша ақы мөлшері қандай болады және ол кімдерге тағайындалады? Сондай-ақ мамандықтың беделін арттыру мен жас кадрларды тарту үшін тағы қандай шаралар қарастырылып отыр?», – деді депутат.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Жексенәліұлы бұл норманың бұрын да болғанын, бірақ «архивші» мамандығы көрсетілмегендіктен, облыстарда үстемақы төлеу тетігі жұмыс істемегенін айтты.


«Енді заң деңгейінде бекітіледі. Архившілерге 25% үстемақы беріледі. Қазір жылына 20–25 грант бөлінеді, ҚазҰУ-да архив ісі мамандығы бойынша бакалаврлар мен магистрлер даярланып жатыр. Ал арнайы әлеуметтік қолдау шаралары әзірге қарастырылмаған», – деді вице-министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: