Мамандықтың қиындығына қарамастан қылмыстық атқару жүйесі саласында қызмет атқарып жүргендердің басым көпшілігі династиялық әулеттен екендігі белгілі. Соның бірі – ҚАЖД №60 мекемесінің тәжірибелі, кәсіби маманы, режим бөлімінің бастығы Тәуекел Байқадам Балтабайұлы.
Байқадамның осы саланың қыр-сырын меңгеріп, ыстық-суығына көніп, қызмет атқарып келе жатқанына 15 жылға жуықтады. Өзінің мінсіз қызметінің арқасында лауазымы жоғарылап бүгінгі таңда режим бөлімінің бастығы болып қызмет атқарады. Оның айтуынша қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқаруын, отбасындағы тәрбие мен әкесінің қызметтегі беделі, атақ-абройы ықпал етсе керекті, бала күнінен әкесінің формадағы бейнесіне қарап сүйсініп, «әкемдей мықты қызметкер боламын», – деген көкейінде арман-мақсаты болған екен.
– Ата-анамыз бізді темірдей тәртіппен тәрбиелеп өсірді. Әкем құр сөздің адамы емес, істің адамы. Ол әрдайым әділ дұрыс шешімді қабылдайды, темірдей тәртіппен жүреді ,ол үшін бәрі уақытпен болуы керек және өзгелерден де осындай тәртіппен жүруін күтеді. Әкем менің өмірлік мектебім. Ісімен де, ғұмырлық ұстанымымен де-маған үлгі, жол бастаушым бола білді, –дейді Тәуекел Байқадам өз сөзінде.
Қәзіргі таңда Тәуекел Байқадамның басқаруындағы режим бөлімінде бас аяғы жиырмаға жуық қызметкер жұмыс жасайды . Жалпы, режим бөлімі өз жұмысын күнделікті 8.00 ден бастап, мекемеге келген әрбір қызметкерді тексеруден өткізіп, ұялы телефондарын арнайы жәшікке тапсыруын қадағалайды. Сондай-ақ, бас бостандығынан айырылғандардың ұзақ-қысқа мерзімді кездесуге келген ата-аналарын, туған-туыстарын, олардың әкелген азық-түлік, киім-кешектерінің барлығы да тексеруден өткізеді. Әр кездесуге келуші өзімен тек 20кг зат кіргізе алады. Белгіленген мөлшерден асқан жағдайда кіргізуге рұқсат етілмейді. Тыйым салынған зат табылған жағдайда мекеме басшылығына баяндалып, тиісті шара қолданылады. Қызметкерлердің басты міндеті мекемеге тыйым салынған заттардың мекеме аумағына өтіп кетуінің алдын алып қадағалау -дейді режим бөлімінің бастығы Тәуекел Байқадам.
Расында, бұл бөлімнің атқаратын жұмысы мекеменің ішкі тәртібі үшін аса маңызды. Сондықтан да, бұл мекеменің әрбір қызметкері өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайды .Әрине мұның бәрі де басшының талапшылдығы мен іскерлігінің арқасында жүзеге асатыны айтпасада түсінікі. Сол секілді басшы болудың да жауапкершілігі көп. Біздің қазақ мұндайда «Ақылды басшың болса адаспайсың»- дейді. Дұрыс басшы қызметкерлерге сенеді, жұмысты бөледі және жұмыс істеуге жағдай жасайды. Солай демекші Тәуекел Байқадам өз ісіне асқан қырағылықпен кәсіби шеберлігін ұштасыра біліп, қызметкерлерді темірдей тәртіпке шақырып, ұжымды ауызбіршілікте ұстап, режим бөлімінің барлық жұмысын аброймен жауапкершілікпен атқарып отыр.
Сотталғандарды қатарға қосудың бір амалы-тәрбие. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін сала болғандықтан, кейде тәрбиеге көнгісі келмейтін адамдар да кездесетіні анық.Осындайда кәсіби шеберлігін танытып, істі сабырмен шешуге тырысатын Байқадам әрдайым жас мамандарға қызметтің қиындығы мен жауапкершілігі үлкен шыдамдалықты қажет ететінін, өз тәжірибелерімен бөлісіп, ақыл-кеңесін айтып отырады. Қосымша мекеме ішілік шараларға белсене қатысады. Өнерден де кенде емес, кішігірім той-томалақтарда асабалық етіп, көңілді отырыстарды ажарландырып, шыр көбелек айналдырып жіберетіні тағы бар.
Бүгінде ҚР ІІМ-нің «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» 10 жыл, «Қазақсан полициясына 30 жыл», сондай-ақ «Қылмыстық іздесіруге 105 жыл, адал еңбегі» үшін берілген төсбелгілері оның көкірегінде жарқырап, абройын асқақтатып тұр. Сонымен қатар мінсіз қызметтері үшін мекеме және ҚАЖ департаменті тарапынан да бірнеше алғыс хаттар, грамоталармен марапаталды. Аталған марапаттар оның қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, заңдылықтың бұзылуына жол бермей, басшылық тарапынан жүктелген тапсырмаларды уақытылы орындай білгенінің дәлелі. Жұбайы Арайлым Қайратқызы екеуі екі ұлды тәрбелеп отырған отбасы.
№60 мекеме БАҚ іс-жүргізушісі,
Ақалтын Байжанқызы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!